28.08.2026, 17:45
Оқылды: 8

Бөрлілік оқушы IQanat олимпиадасының жеңімпазы атанды

 

Бөрлі ауданы «Приурал мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің 8-сынып оқушысы Макеев Темірлан республикалық IQanat олимпиадасының грантын жеңіп алды. Ол  енді өзінің оқуын осы IQanat мектебінде жалғастыратын болады. Темірлан Приурал мектебінде бастауыш сыныптап бастап білім алған. Осыған дейін сабағының барлығын өте жақсы деген бағаға оқыған.

WhatsApp Image 2026-08-28 at 17.00.12

Алматы қаласында өткен Qanat Олимпиадасының финалында «IQanat – Мың бала» деп аталатын 1000 оқушымен сынға түскен. Жоба аясында бұл олимпиада сегізінші мәрте өткізіліп отыр, сол жылдарда 300 мыңнан астам ауыл баласын қамтыды. Үздіктердің үздігі сыналған сайыста Темірлан өзінің алғырлығымен алға осып шықты.

Бұл – Темірланның білім жолындағы ізденісі мен табандылығының, өзіне деген сенімі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Жас дарын оқу үлгерімімен қатар, пәндік олимпиадаларға, түрлі білім сайыстары мен интеллектуалдық байқауларға белсенді қатысып, өзінің жан-жақты қабілетін көрсетіп келеді.

-Темірланның жетістігінің артында, әрине, оның өзінің еңбегімен бірге ата-анасының тәрбиесі мен қолдауы, ұстаздарының еңбегі мен бағыт-бағдары тұр. Баласының білім алуына жағдай жасап, әр бастамасына қолдау көрсетіп келе жатқан ата-анасына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Отбасындағы дұрыс тәрбие мен жылы қолдау – баланың өз қабілетін еркін танытуына берілетін ең үлкен күштің бірі. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы бойынша IQanat кураторы Нюдильчиев Артём Николаевичке ерекше алғысымызды білдіреміз. Ауыл балаларының білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік беріп, үлкен білім додаларына жол ашып жүрген еңбегіңіз зор құрметке лайық. Осындай қолдау мен бағыт-бағдар ауылдағы дарынды балалардың өз мүмкіндігін кеңінен көрсетуіне ықпал ететіні сөзсіз, - дейді мектеп директоры Ақкүміс Жалекенова.

WhatsApp Image 2026-08-28 at 16.58.29

IQanat олимпиадасында грант иелену – кез келген оқушы үшін үлкен мүмкіндік әрі маңызды белес. Бұл жетістік Темірланның білімге деген қызығушылығын одан әрі арттырып, жаңа мақсаттарға ұмтылуына жол ашады деп сенеміз.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале