28.08.2026, 17:35
Оқылды: 16

Бөрлілік споршылар жүлделі

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы жастар арасындағы шаңғы спортының жазғы чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 12 облысынан 240 спортшы қатысып, спортшылар бірнеше бағыт бойынша өзара мықтыны анықтады. Чемпионатта шаңғы спортының шеберлері жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты жарыстарда бақ сынады. Бөрлі ауданының спортшылары да ел біріншілігінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

62b983ce-b462-47d7-aa82-1c625ad90149

«Классикалық әдіс» бойынша  10 шақырым қашықтықта сынға түскендер арасындағы жекелей сында Тудахунова Жанерке қарсыластарынан оза шауып, бірінші орынға ие болды. Ал Соколова Анастасия бұл сайыста 10-орынға қол жеткізді.

«Еркін әдіс» бағдарламасы бойынша 5 шақырымдық қашықтықты бағындарғандар  арасында Тудахунова Жанерке тағы да жұлдызы жанып, ІІ орын иеленіп, жүлделер қоржыны тағы бір күміс медаль қосты.

fd3a8690-4148-4c43-b338-83d3dfd39416

Чемпионаттың ең айтулы нәтижелерінің бірі – эстафеталық жарыста тіркелді. Командалық бәсекеде Бөрлі ауданының спортшылары ұйымшылдық пен шеберліктің жоғары үлгісін көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Команда сапында Тудахунова Жанерке, Тудахунова Саида, Соколова Анастасия, Жақсылықова Амира жарыс жолына шықты.

-Бұл – спортшыларымыздың табанды еңбегі мен тынымсыз дайындығының жемісі. Әсіресе эстафетадағы күміс жүлде команданың ауызбіршілігі мен жоғары шеберлігін айқын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Бөрлі ауданының спортшылары бір алтын және екі күміс медаль иеленіп, ел чемпионатында өңір намысын абыроймен қорғады,-дейді жаттықтырушы Ислам Сагиналиев.

Мейрамбек Сыдықов,

"Жайық Пресс" 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале