3.04.2017, 18:13
Оқылды: 52

Халықаралық байқаудан жүлдемен оралды

Ak kogershin    Астана қаласында жуырда «Ақ көгершін» балалар қорының ұйымдастыруымен «Ақ көгершін» балалар шығармашылығының XI халықаралық фестиваль байқауы өткен болатын.

Байқауға жасы 4-тен 17 жасқа дейін, түрлі байқаулар мен фестивальдардың жеңімпазы атанған ең үздік балалар ұжымдары, ән және би ансамбльдері, оркестрлер, жеке орындаушылар қатысты.

Аталмыш байқауға қатысқан зеленовтық жас өнерпаздар да жүлделі оралды. Атап айтсақ, хореография бойынша «Көктем», «Башқұрт» биін мың бұрала билеген Үлкен Шаған ауылының «Нұр-ай» би ансамблі І дәрежелі дипломант атанып, «Кішкентай ханшайым» және «Кішкентай ханзада» балалар сән үлгісінен Ләззат Қазбек І дәрежелі дипломант, Рахман Ғалымжан І дәрежелі лауреат, ал вокалдан переметныйлық Нұрдаулет Ғайнуллин мен Валентин Сажин ІІ дәрежелі дипломант атанды.

Оқушыларды өнерге баулып келетін ұстаздар да алғыстан кенде қалмады. Сән үлгісінен Миргүл Меңдіханқызы «Үздік ұстаз» дипломымен «Құрмет» грамотасы, биден Гүлмира Алканова, вокалдан Толқын Исмагулова мен Наталия Сажина «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды.

Өнерпаздарға әркез қолдау білдіріп келетін аудан әкімі К.Жақыповқа, мәдени-тынығу демалыс орталығының директоры А.Ищановқа қатысушлардың алғысы шексіз. Сондай-ақ «Нұр-ай» би ансамблінің жетекешісі Г.Алканова Көшім ауылының әкімі Е.Сидағалиевке, Үлкен Шаған мектебінің директоры Б.Ислямоваға, жеке кәсіпкерлер Е.Госпорян, М.Щульга, С.Макушин, А.Доценкоға, балалардың ата-анасына алғыс білдіреді.

Динара Насыр

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале