29.08.2026, 11:00
Оқылды: 54

Қазақстанда 2028 жылға дейін 10 мың шақырым республикалық жол орташа жөндеуден өтеді

ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2024 жылдан бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 8 470 шақырымы орташа жөндеумен қамтылды.

IMG_20260829_084639_251

Фото: kolikpress

Бұл 2028 жылдың соңына дейін белгіленген 10 мың шақырымдық жоспардың 85%-ын құрайды. Қалған көлемді 2027-2028 жылдары аяқтау көзделген.

​Бағдарлама басталған 2024 жылы 959 км, ал 2025 жылы 2 320 км жол пайдалануға беріліп, алғашқы екі жылда жалпы 3 279 км жөнделді.

IMG_20260829_084638_837

​2026 жылы бұл жұмыстардың қарқыны артып, 124 жоба аясында 3 679 км жол орташа жөндеуге кезең-кезеңімен енгізілді (оның 1 451 шақырымы — 2027 жылға өтпелі 29 жоба). Сонымен қатар ақылы жолдардан түскен қаражат есебінен ағымдағы жылы ұзындығы 1 512 км болатын тағы 38 жобаны іске асыру жоспарланған.

IMG_20260829_084639_351

​Жобаларды орындау өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға және жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале