ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2024 жылдан бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 8 470 шақырымы орташа жөндеумен қамтылды.

Фото: kolikpress
Бұл 2028 жылдың соңына дейін белгіленген 10 мың шақырымдық жоспардың 85%-ын құрайды. Қалған көлемді 2027-2028 жылдары аяқтау көзделген.
Бағдарлама басталған 2024 жылы 959 км, ал 2025 жылы 2 320 км жол пайдалануға беріліп, алғашқы екі жылда жалпы 3 279 км жөнделді.

2026 жылы бұл жұмыстардың қарқыны артып, 124 жоба аясында 3 679 км жол орташа жөндеуге кезең-кезеңімен енгізілді (оның 1 451 шақырымы — 2027 жылға өтпелі 29 жоба). Сонымен қатар ақылы жолдардан түскен қаражат есебінен ағымдағы жылы ұзындығы 1 512 км болатын тағы 38 жобаны іске асыру жоспарланған.

Жобаларды орындау өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға және жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.