29.08.2026, 21:15
Оқылды: 2

Шыңғырлауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, жергілікті тұрғындарға сапалы әрі табиғи азық-түлікті нарықтағыдан төмен, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді.

image-29-08-26-08-35 (1)

Сауда сөрелеріне жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер өндірген ет, сүт, табиғи бал, көкөніс және бақша өнімдері шығарылды.

​Мұндай шаралар тұрғындардың күнделікті тұтыну тауарларына қолжетімділігін арттырып қана қоймай, ауыл еңбеккерлерінің өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсынуына жағдай жасайды.

image-29-08-26-08-35 (2)

Аудан жұртшылығы жергілікті өндірушілердің еңбегіне оң бағасын беріп, сауда қызу жүрді.

С. Өсәлім, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале