30.08.2026, 17:15
Оқылды: 57

Оралда дзюдодан 600-ге жуық спортшының қатысуымен Қазақстан чемпионаты басталды

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды.

IMG-20260830-WA0895

Ел біріншілігінің ашылу салтанатына БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.

IMG-20260830-WA0919

​Төрт күнге созылатын айтулы додаға еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласынан 600-ге жуық спортшы жиналып, 14 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтауда.

IMG-20260830-WA0887

Шара барысында жақында ғана кадеттер арасында әлем чемпионы атанған Фатима Сұпығалиеваға жаңа пәтердің кілті мен 3 млн теңге, ал оның бапкерлеріне 1 млн теңгеден сыйақы берілді.

IMG-20260830-WA0913

Сонымен қатар БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, спорт ардагері Мұрат Тілегеновке 80 жас мерейтойына орай министрдің құттықтау хаты табысталды.

IMG-20260830-WA0908

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале