Асқабақ, сәбіз, балық, жұмыртқа және жаңғақ суық тиюден қорғануға, иммунитетті қолдауға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Мамандар асқабақ пен сәбізде каротиноид мен ағзаға қажет жасұнық көп екенін айтты. Ал майлы балық пен жұмыртқа D дәруменіне, бұршақ тұқымдастар мен жаңғақ мырышқа бай.
Дегенмен сарапшылар бір ғана өнім немесе дәрумен ЖРВИ-ден толық қорғай алмайтынын да ескертті. Инфекцияның алдын алу үшін дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйықтау және дене белсенділігін сақтау маңызды.