31.08.2026, 10:15
Оқылды: 8

Күзде иммунитетті нығайтуға көмектесетін өнім түрлері аталды

 Асқабақ, сәбіз, балық, жұмыртқа және жаңғақ суық тиюден қорғануға, иммунитетті қолдауға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Woman is laying on a couch with a tissue in her mouth. A cup of tea is on a table next to her

Сурет: istockphoto.com

Мамандар асқабақ пен сәбізде каротиноид мен ағзаға қажет жасұнық көп екенін айтты. Ал майлы балық пен жұмыртқа D дәруменіне, бұршақ тұқымдастар мен жаңғақ мырышқа бай.

 "Құс еті мен теңіз өнімдері - селеннің таптырмас көзі", - дейді мамандар.

Дегенмен сарапшылар бір ғана өнім немесе дәрумен ЖРВИ-ден толық қорғай алмайтынын да ескертті. Инфекцияның алдын алу үшін дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйықтау және дене белсенділігін сақтау маңызды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале