31.08.2026, 19:00
Оқылды: 81

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» кездесуіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды.

IMG_20260831_182351_370

Фото: aqorda_resmi

​Сапар аясында Қазақстан Президенті VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына да қатысады.

IMG_20260831_182344_487

Мемлекет басшысын «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале