2.09.2026, 12:45
Оқылды: 8

Спорт саласы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер талқыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» қызметкерлерімен кездесу өткізді.

WhatsApp Image 2026-09-02 at 13.15.34 (1)

Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру және оларды күнделікті қызметте қолдану мәселелеріне арналды.

Пікір алмасу барысында заңнамадағы негізгі өзгерістер мен жаңа талаптар қаралып, қызметкерлердің практикалық жұмысы кезінде туындайтын жағдайларға назар аударылды.

Кездесудің маңызды бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысы болды. Қатысушыларға комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу, сондай-ақ ұйым ішіндегі бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу және ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтау мәселелері нақты жағдайлар арқылы талқыланды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар заңнамадағы өзгерістерді практикада қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

WhatsApp Image 2026-09-02 at 13.15.34

Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын күнделікті қызметте дұрыс қолдану және ұйымдарда парасаттылық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале