Полиэтилен пакеттердің табиғатта 2–3 жылда толық ыдырайтыны – миф. Полиэтилен өте баяу ыдырайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталып, біртіндеп микропластиктерге бөлінуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.

Пластик қалдықтары топырақ пен су ресурстарына кері әсер етіп, табиғи экожүйелерге зиян келтіреді.
Қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым жолдарының бірі – бір реттік полиэтилен пакеттерден бас тартып, көп рет қолданылатын экосөмкелерді пайдалану.
Экосөмкені қолдаймыз! Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.