2.09.2026, 21:00
Оқылды: 29

Шыңғырлау ауданы: Жыл басынан бері 12 сенбілік өтті

Шыңғырлау ауылдық округі әкімдігінің хабарлауынша, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.

image-02-09-26-06-58

Жыл басынан бері округте 12-ден астам сенбілік өтіп, көшелер қоқыстан тазартылды, отырғыштар қойылып, гүлдер мен тал-теректер отырғызылды.

image-02-09-26-06-58 (1)

​Округ әкімі Сайда Бркенова тазалық тек әкімдіктің міндеті емес, әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта ауылда рейдтер жүргізіліп, ескертулер берілуде. Сондай-ақ тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін ең таза көше мен үздік тұрғын үйлерді анықтайтын дәстүрлі байқаулар ұйымдастырылып тұрады.

Светлана Ешматқызы, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале