Шыңғырлау ауылдық округі әкімдігінің хабарлауынша, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.

Жыл басынан бері округте 12-ден астам сенбілік өтіп, көшелер қоқыстан тазартылды, отырғыштар қойылып, гүлдер мен тал-теректер отырғызылды.

Округ әкімі Сайда Бркенова тазалық тек әкімдіктің міндеті емес, әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта ауылда рейдтер жүргізіліп, ескертулер берілуде. Сондай-ақ тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін ең таза көше мен үздік тұрғын үйлерді анықтайтын дәстүрлі байқаулар ұйымдастырылып тұрады.
Светлана Ешматқызы,
Шыңғырлау ауданы