5.09.2026, 18:30
Оқылды: 4

Шыңғырлаулықтар қысқы маусымға қажетті азық-түлікті тиімді бағада қамдап алды

Шыңғырлау ауданы орталығында Шыңғырлау, Ардақ, Ақтау және Ақбұлақ ауылдық округтерінің тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

image-05-09-26-11-45 (2)_edit_204189899392523

​Сауда сөрелеріне бау-бақша, көкөніс, жеміс-жидек, жылқы мен қой еті, сүт және балық өнімдерімен қатар қысқы маусымға қажетті отын да шығарылды. Жергілікті тұрғындар қысқа қажетті азық-түлікті алдын ала, делдалсыз әрі тиімді бағамен қамдауға мүмкіндік алды.

image-05-09-26-11-45 (3)_edit_204181120679766

​Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Елдос Оразғалиев мұндай сауда алаңдарының жергілікті шаруаларды қолдауда және халықты сапалы, табиғи өнімдермен қамтамасыз етуде маңызы зор екенін атап өтті.

image-05-09-26-11-45 (1)_edit_204197970586635

image-05-09-26-11-45_edit_204206571509288

Оның айтуынша, жәрмеңкеге тұрғындардың қызығушылығы жоғары, сондықтан мұндай маусымдық шараларды ұйымдастыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Светлана Ешматқызы, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале