5.09.2026, 19:00
Оқылды: 5

«Мен оқыған 30 кітап» І республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазталов ауданында «Мен оқыған 30 кітап» І республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

IMG_20260905_192100_757

Марапаттау рәсіміне қатысқан аудан әкімі Асланбек Сарқұлов кітапты серік еткен жас буынға ризашылығын білдіріп, бұл жобаның жас ұрпақтың оқырмандық мәдениетін қалыптастырудағы орны бөлек екенін атап өтті.

IMG_20260905_191955_466

​Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде мен 1 миллион теңге сертификатын Қараөзен мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жансая Хайрулла иеленді. ІІ орын мен 700 мың теңге сертификаты Ақжайық ауданы О. Исаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Айкөркем Бержановаға бұйырды. Ал ІІІ орын және 500 мың теңгелік сертификаттарды Қараөзен мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Рамина Тлемисова мен Қазталов мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрила Тыныбекова өзара бөлісті.

IMG_20260905_192022_019

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер Нұргүл Ашихова, Абзал Сралиев және Дархан Аябалиевтің қолдауымен арнайы аталымдық сыйлықтар табысталды. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №20 мектептің 10-сынып оқушысы Диана Лауадин Қадыр Мырза Әли атындағы сыйлықты, Теректі ауданы Ұзынкөл мектебінің 10-сынып оқушысы Аяжан Жунусова Жұбан Молдағалиев атындағы сыйлықты, ал Қазталов ауданы А. Хұсайынов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Сезім Амангелді Хамза Есенжанов атындағы сыйлықты еншіледі.

IMG_20260905_192032_654

​Бұдан бөлек, кітапқа құштарлығын танытқан өзге де қатысушыларға 100 мың теңгелік сыйлықтар мен арнайы аталымдар берілді. Бұл жүлделерге Бейнеу ауданынан Ақылбек Бердібек, Ақтау қаласынан Айару Болат, Шет ауданынан Кәусар Мейіржан, Қарасай ауданынан Алияна Лашынбай, Тұрар Рысқұлов ауданынан Еркеназ Орынбек, Сарыағаш ауданынан Ақселеу Бәкіржан, Ақтөбе қаласынан Ақнұр Аймұрат, Индер ауданынан Інжу Дюсембай, Сырым ауданынан Айару Батрғали, Қазталов ауданынан Айша Рахимова және Шыңғырлау ауданынан Айзере Жаумбай ие болды.

Әдемі Жасұланқызы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале