6.09.2026, 14:30
Оқылды: 7

​Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған цифрлық платформаны іске қосты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосты.

дала (4)

Ф

Жаңа жүйе екі елдің экспорттаушылары мен сатып алушылары арасында тікелей байланыс орнатуға жол ашады.

​Бұл бастама Қазақстан делегациясының Қытайда өткен 8-ші Астық саудасы конференциясына қатысуы аясында жүзеге асты. Жиынға қатысқан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова қазірдің өзінде отандық 35 компания тіркеліп, 24 мың тонна майлы зығыр жеткізу бойынша алғашқы келісімшарттар жасалғанын атап өтті.

​Қытайдың 50 мыңнан астам кәсіпорнын біріктіретін Ұлттық интернет-платформа базасында құрылған жүйені NAFRA-ға қарасты Астық саудасын үйлестіру орталығы басқарады. Платформада онлайн-есеп айырысу, тәуелсіз тексеру және ашық аукциондар секілді сенімділік тетіктері қарастырылған. Бастапқы кезеңде мұнда дәнді дақылдар, майлы дақылдар, өсімдік майы мен май-тоңмай өнеркәсібінің өнімдері саудаланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале