ҚР Үкіметінің хабарлауынша, Қазақстанда экономиканың нақты секторымен әріптестікте кадрларды тәжірибеге бағдарлап даярлау бағыты кеңеюде.

Фото: KZgovernment
Бүгінгі таңда еліміздегі 76 жоғары оқу орнының 50 мың студенті 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.
Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 138 студенті өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары базасында білім алуда, оның ішінде биыл 62 студент тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында жыл сайын 10 мыңнан астам жас дуальды оқыту мен өндірістік тәжірибеден өтеді.