8.09.2026, 19:00
Оқылды: 12

Қазақстанда 50 мың студент кәсіпорындар базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр

ҚР Үкіметінің хабарлауынша, Қазақстанда экономиканың нақты секторымен әріптестікте кадрларды тәжірибеге бағдарлап даярлау бағыты кеңеюде.

IMG_20260908_184217_027_edit_82377664756491

Фото: KZgovernment

Бүгінгі таңда еліміздегі 76 жоғары оқу орнының 50 мың студенті 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

​Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 138 студенті өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары базасында білім алуда, оның ішінде биыл 62 студент тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында жыл сайын 10 мыңнан астам жас дуальды оқыту мен өндірістік тәжірибеден өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале