ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, Астана қаласында жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде өрескел бұзған 25 жастағы «Hyundai Palisade» көлігінің жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Мониторинг нәтижесінде бұл жүргізуші тек биылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет бұзғаны анықталды. Оның 169-ы жылдамдықты асырса, 134 жағдайда автобус жолағымен жүрген. Мәселен, 3 мамырда ол «Ұлы Дала» даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен қозғалғаны тіркелген.
Құқықбұзушылықтың жүйелі сипаты мен қауіптілігін ескерген сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, жаза тағайындады.