9.09.2026, 23:00
Оқылды: 237

306 рет ереже бұзған жүргізуші он тәулікке сотталды

ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, Астана қаласында жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде өрескел бұзған 25 жастағы «Hyundai Palisade» көлігінің жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

рейд, полиция, ЖП, Аксай

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

​Мониторинг нәтижесінде бұл жүргізуші тек биылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет бұзғаны анықталды. Оның 169-ы жылдамдықты асырса, 134 жағдайда автобус жолағымен жүрген. Мәселен, 3 мамырда ол «Ұлы Дала» даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен қозғалғаны тіркелген.

Құқықбұзушылықтың жүйелі сипаты мен қауіптілігін ескерген сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, жаза тағайындады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале