6.04.2017, 10:04
Оқылды: 43

Халыққа қызмет көрсету орталығында онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды, деп хабарлайды аталған мекеменің баспасөз қызметі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

- Сондай-ақ корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері, ал 1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО мамандарын үйіне шақыруына болады, - дейді М.Бассаров.

Айта кетсек, өткен жылы БҚО бойынша ХҚКО департаменті жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 1600-дан астам мемлекеттік қызметті үйінде көрсеткен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале