Отбасы күніне арналған апталық «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз» тақырыбында өтіп жатыр.

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық жалғасып жатыр. Апталықтың төртінші күнгі тақырыбы – «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз».
Облысымызда осы апталыққа сәйкес, медициналық мекемелерде ашық есік күндері өтіп, репродуктивті денсаулық және шаңырақ көтеруді саналы түрде жоспарлау туралы айтылады.
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ», «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция», «Отбасы - менің байлығым», «Отаным - Отбасым» атты бірқатар спорттық шаралар мен «Берекелі отбасы» атты көпбалалы және үлгілі отбасылармен кездесу, «Super – келін 2026» аудандық байқауы, «Шаңырағым – шаттығым» отбасы күніне арналған мерекелік концерттің өтуі жоспарлануда.
БҚО ҚДБ