10.09.2026, 23:50
Оқылды: 45

Қазталовтағы ауданаралық көпбейінді аурухана құрылысы 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс

Қазталов ауданында жаңадан бой көтеріп жатқан нысан өңір үшін маңызды стратегиялық жобалардың қатарына кіреді.

image-10-09-26-11-45-9

Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Парасат Жұмағалиев және аудан әкімі Асланбек Сарқұлов нысан басында болып, жұмыс барысымен танысты.

image-10-09-26-11-45-1

​Үкімет деңгейінде нысанды 15 желтоқсанға дейін аяқтау туралы нақты міндет қойылды. Мирас Мүлкай келесі аптадан бастап үш ауысымдық жұмыс режиміне көшіп, жұмысшы күшін арттыруды, сонымен бірге сапаға баса мән беруді тапсырды.

image-10-09-26-11-45-4

​Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов құрылысшылардың жағдайы толық шешіліп, бос тұрған ғимарат олардың тұруына берілгенін жеткізді. Сондай-ақ ол ауруханаға келіп тұрған су құбырының трассасын қосу мәселесін шешу маңызды екенін атап өтті.

image-10-09-26-11-45-2

​«Жайкселстрой» компаниясының өкілі Ерлан Шафхатұлының айтуынша, қазіргі таңда 60-қа жуық адам мен 5 техника жұмысқа жұмылдырылған. Жұмыс қарқынын үстемдетіп, желтоқсанның 15-іне дейін нысанды толық бітіру жоспарланып отыр.

image-10-09-26-11-45-7

Асылбек Нәсіпқалиұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале