Орал қаласының күніне орай ұлттық спортты ұлықтаған арқан тартыстан «Oral Cup» ашық қалалық турнирі өтті.

Биылғы жарысқа Орал қаласы мен облыс аудандарынан 16 команда қатысып, сондай-ақ Түркия мен Әзірбайжаннан арнайы келген қонақтардың болуы турнирдің ауқымын кеңейтіп, спорттық байланысты нығайта түсті.
Аталған додаға Қазталов ауданынан Тереңкөл, Жұлдыз, Бостандық және Жалпақтал ауылдарының командалары қатысып, аудан намысын абыроймен қорғады. Тартысты бәсекеде командалар күш-жігері мен ептілігін көрсетті.

Жарыс қорытындысында Тереңкөл командасы екінші орынды, ал Жұлдыз командасы үшінші орынды иеленді.

Әдемі Жасұланқызы,
Қазталов ауданы