12.09.2026, 10:00
Оқылды: 61

Биылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына 384 млрд теңге қарастырылды

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов жөндеу науқанының барысы туралы баяндады.

istockphoto-1456166365-2048x2048

Фото:  istockphoto.com

Биыл электр станцияларында 9 энергия блогын, 55 қазандық пен 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда негізгі жабдықтардың 50 бірлігінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

​Сонымен қатар елімізде 17,1 мың шақырым электр беру желісі мен 404 қосалқы станция жөнделді. Жылу желілерін жөндеу жұмыстары 89 пайызға орындалып, бұл көрсеткіш тозу деңгейін 48 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ энергия көздерінің қоймаларында 4,2 млн тонна көмір мен 131 мың тонна мазут жинақталып, отынмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале