ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институты, Оқу-ағарту министрлігі және ЮНИСЕФ Өкілдігінің бірлескен жоспары аясында балаларды қорғау жүйесінің 435 маманы арнайы оқудан өтті.

Фото: oqu_agartu
Курсқа балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының қызметкерлері, әлеуметтік педагогтер, психологтер мен отбасыларды сүйемелдеуші мамандар қатысты.
Оқыту барысында қатысушылар баланың жағдайын бағалау, зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және кейс-менеджменттің этикалық қағидаттарын үйренді. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға кешенді көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.