12.09.2026, 14:30
Оқылды: 9

​435 маман балалардың құқығын қорғау саласында біліктілігін арттырды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институты, Оқу-ағарту министрлігі және ЮНИСЕФ Өкілдігінің бірлескен жоспары аясында балаларды қорғау жүйесінің 435 маманы арнайы оқудан өтті.

IMG_20260912_032909_958

Фото: oqu_agartu

Курсқа балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының қызметкерлері, әлеуметтік педагогтер, психологтер мен отбасыларды сүйемелдеуші мамандар қатысты.

​Оқыту барысында қатысушылар баланың жағдайын бағалау, зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және кейс-менеджменттің этикалық қағидаттарын үйренді. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға кешенді көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале