6.04.2017, 19:13
Оқылды: 58

«Орал Су Арнасын» жаңғыртуға шамамен 84 млрд. теңге қажет

Бұл туралы «Батыс Су Арнасы» ЖШС-да өткен баспасөз мәслихатында аталмыш мекеменің басшылары айтты.

Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің директоры Есенжан Шунаевтің айтуынша, бұл бағытта желілердің күйіне сараптама жасалып, жобалық құжаттама дайындауда. Қаржы көзі де қарастырылуда. Аталған жұмыстарды жүргізуге бағытталған инвестициялық бағдарлама 2031 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізілмек.

- 2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 1400 метрден астам  су құбырларына және үлкен диаметрлі кәріз желісіне қайта құру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта қаражат бұрынғыдай мемлекеттен тегін бөліне бермейді, сондықтан, бағдарлама аясында бөлінген ақшалай қаражат қайтарылады. Яғни, «Батыс Су Арнасы» ЖШС алған несиесін өтеуі қажет. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының қаражаты есебінен Еуразия көшесі бойында ұзындығы 1400 метр өздігінен ағатын кәріз коллекторына және Еуразия даңғылы бойындағы 2-ші базадан Достық даңғылына дейінгі 3444 метр өздігінен ағатын кәріз коллекторына  қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Батыс Су Арнасы» ЖШС сумен қамтамасыз етуді бақылау және есепке алу жүйелерін автоматтандыру жұмыстарын бастады. Кәсіпорын жүзден астам үйді заманауи есепке алу аспаптарымен жабдықтап, осындай аспаптарды тораптық станцияларда да орнатуды көздеп отыр. Техника коммуналдық желілердегі жүктемені есептеуге, судың қысымын белгілі бір деңгейде ұстаға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, осы күні баспасөз туры ұйымдастырылды. Шара барысында кәсіпорын басшылары БАҚ өкілдерін су құбырларын тазарту нысанына, айдамалы сорғылау стансасына, кәріздерді тазарту нысанына, сондай-ақ су сапасын тексеретін зертханаларға апарып, аталған орындардың жұмыс барысымен таныстырды.

 

Айша ӨТЕБӘЛІ,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале