12.09.2026, 18:00
Оқылды: 6

Қазталов ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 21 отбасыға қажетті көмек көрсетілді

Қазталов ауданында туған жеріне деген перзенттік парызын ізгі іспен ұштастырған Жалпақтал ауылының тумасы Ерлан Оразғалиев өнегелі бастама көтерді.

InShot_20260912_175851609

Екі ағасының өмірден озғанына 25 жыл толуына орай ол ауылға арнайы келіп, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың шаңырағына азық-түлік себеттерін табыстады.

InShot_20260912_175830533

​Қайырымдылық шарасы аясында ауылдағы 21 отбасыға көмек көрсетіліп, жақындарының рухына бағышталған игі амал елдің алғысына бөленді. Бұл бастама қоғамдағы өзара қолдау мен бауырмалдық дәстүрін дәріптейтін жарқын үлгіге айналды.

Әдемі Жасұланқызы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале