Қазталов ауданында туған жеріне деген перзенттік парызын ізгі іспен ұштастырған Жалпақтал ауылының тумасы Ерлан Оразғалиев өнегелі бастама көтерді.

Екі ағасының өмірден озғанына 25 жыл толуына орай ол ауылға арнайы келіп, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың шаңырағына азық-түлік себеттерін табыстады.

Қайырымдылық шарасы аясында ауылдағы 21 отбасыға көмек көрсетіліп, жақындарының рухына бағышталған игі амал елдің алғысына бөленді. Бұл бастама қоғамдағы өзара қолдау мен бауырмалдық дәстүрін дәріптейтін жарқын үлгіге айналды.
Әдемі Жасұланқызы,
Қазталов ауданы