Ақтауда өткен Шайыр ауылының 100 жылдық мерейтойы ұлттық спорттың мерейін асқақтатты.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған Аламан бәйгеде Қазталов ауданының Ақпәтер ауылының азаматы Жеңіс Стамғазиевтің Назерке атты тұлпары қарсыластарының қарасын үзіп, бірінші орынды иеленді және пәтер жүлдесіне ие болды.

Спорт жанашыры Аңсар Ибраевтың айтуынша, бұл – Батыс Қазақстан облысының тарихында бәйгеден пәтер ұтқан алғашқы тұлпар.

Самбодан әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған білікті бапкер Жеңіс Стамғазиевтің ұлттық ат спортында да топ жаруы – табандылық пен еңбектің жемісі. Сондай-ақ жарыс кезінде сәйгүліктің бабын келтірген Бектас пен қолдау көрсеткен Елнұрдың еңбегі ерекше аталды.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Қазталов ауданы