12.09.2026, 18:05
Оқылды: 53

Қазталовтық тұлпар Аламан бәйгеден бас жүлде – пәтер ұтып алды

Ақтауда өткен Шайыр ауылының 100 жылдық мерейтойы ұлттық спорттың мерейін асқақтатты.

InShot_20260912_180917556

Мерейтой аясында ұйымдастырылған Аламан бәйгеде Қазталов ауданының Ақпәтер ауылының азаматы Жеңіс Стамғазиевтің Назерке атты тұлпары қарсыластарының қарасын үзіп, бірінші орынды иеленді және пәтер жүлдесіне ие болды.

InShot_20260912_180825358

​Спорт жанашыры Аңсар Ибраевтың айтуынша, бұл – Батыс Қазақстан облысының тарихында бәйгеден пәтер ұтқан алғашқы тұлпар.

InShot_20260912_180841607

Самбодан әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған білікті бапкер Жеңіс Стамғазиевтің ұлттық ат спортында да топ жаруы – табандылық пен еңбектің жемісі. Сондай-ақ жарыс кезінде сәйгүліктің бабын келтірген Бектас пен қолдау көрсеткен Елнұрдың еңбегі ерекше аталды.

Асылбек Нәсіпқалиұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале