Шыңғырлау аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті жерде өндірілген табиғи әрі сапалы азық-түлік ұсынылды.

Халықты қолжетімді өніммен қамтамасыз ету мақсатында әр сенбі сайын тұрақты түрде өткізілетін бұл шараға ауылдық округтер зор белсенділік танытты.

Атап айтқанда, Ащысай ауылдық округінің тұрғындары табиғи жайылымда өсірілген қой етін саудаға шығарса, Шыңғырлау ауылдық округі жылқы етін, сүт өнімдері мен жеміс-жидектерін ұсынды.

Мұндай жәрмеңкелер, бір жағынан, халықтың сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің еңбегін дәріптеп, ішкі нарықты отандық өніммен толықтыруға жол ашады.
Сара Шакрат,
Шыңғырлау ауданы