15.09.2026, 17:00
Оқылды: 10

Ақжайық ауданының әкімі Күлпәш Мұхтарованы 90 жас мерейтойымен құттықтады

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин еңбек және тыл ардагері, көпбалалы ана Күлпәш Мұхтарованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Аудан басшысы мерейтой иесінің шаңырағына арнайы барып, сый-сияпатын табыстады. Құттықтау шарасына еңбек ардагерлері және орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2026-09-15 at 12.42.04

Күлпәш Қуанқызы 1936 жылғы 15 қыркүйекте Атырау облысы Новобогат ауданының Орпа ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1962 жылы Калёный орман шаруашылығында орман шебері болып бастап, 1967 жылға дейін осы қызметті атқарды. 1968–1987 жылдары Тайпақ орман шаруашылығында орман технигі және есепші болып еңбек етті.

WhatsApp Image 2026-09-15 at 12.42.27

К.Қуанқызы «Күміс алқа», «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталған. Сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін «Орман шаруашылығының мінсіз қызметкері» белгісін, «Еңбек ардагері» медалін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60, 70, 75, 80 жылдығына арналған мерекелік медальдарды иеленген.

WhatsApp Image 2026-09-15 at 12.42.09

Күлпәш Қуанқызы жолдасы Қабды Мұхтарұлымен бірге он бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде  немере-жиен,  шөберелердіің қызығын көріп отырған ардақты ана.

Мерейтой иесіне ізгі лебізін арнаған аудан әкімі Мұрат Сердалин деніне саулық, отбасына амандық, ұрпағының қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешуін тіледі. Еңбек ардагерлері мен орман шаруашылығы саласының өкілдері де Күлпәш Қуанқызын мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-09-15 at 12.42.39

Тоқсаның төріне сергек шыққан Күлпәш ана ақ батасын беріп, көпшілікке ризашылығын білдірді.

Рақым Берікқали

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале