16.09.2026, 16:00
Оқылды: 14

Аудан әкімінің орынбасары санитариялық - эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерін қабылдады

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күніне орай Казталов ауданында сала мамандарын құрметтеу рәсімі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев сала өкілдерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
image-16-09-26-01-29-1
– Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет – халық денсаулығын қорғау жолындағы аса жауапты салалардың бірі. Бұл қызметтің мамандары күн сайын адам өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін көптеген мәселенің алдын алып, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тынымсыз еңбек етіп келеді. Бүгінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақты сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу, халыққа көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл ретте сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен ұқыптылықтарыңыздың маңызы зор. Ауданымыздағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының қалыпты жұмыс істеуіне үлес қосып жүрген барша мамандарға аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау жолындағы еңбектері үшін алғыс білдіремін. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті, ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз абыройлы болсын, – деді Рашит Нәсіпқалиұлы.
6a2e4052-4ff6-4393-ac94-bf6798002f7b
Мерекелік қабылдауда салада жауапты қызмет атқарып жүрген мамандардың еңбегі де ескерусіз қалмады. Аудан әкімінің Алғыс хатымен Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Аягуль Есентайқызы Темрешева және жетекші маман Айгерім Қанатқызы Хабибуллина марапатталды.
71d051a6-88ff-4b6c-b46f-01fc218b46d3
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының жұмысы сырт көзге көбіне көріне бермегенімен, оның нәтижесі халықтың күнделікті өмірімен тікелей сабақтас. Қауіптің алдын алу, талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, санитариялық мәдениетті қалыптастыру – қоғамдық денсаулықтың берік негізі.
Жайна Қабиболла
Казталов ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале