16.09.2026, 22:30
Оқылды: 4

​«Таза Қазақстан»: Бөкей ордасын ауданында тазалық айлығы басталады

Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжановтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен санитариялық тазалық айлығына дайындық жайын қозғаған жиын өтті.

InShot_20260916_233033161

Алдағы жалпыхалықтық сенбілікті жоғары деңгейде өткізу мәселесін талқылаған жиынға округ әкімдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылан Бижанов акция аясында атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, аудан аумағын абаттандыру, жасыл желек санын арттыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілмек.

– 19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпыхалықтық сенбілік өткізіледі. Осыған байланысты ауданымыздағы барлық мемлекеттік мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар және тұрғындар белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуі қажет. Аудан орталығындағы мекемелерді бес бағытқа бөліп, әр бағытқа жауапты мекемелер бекітілді. Ал 26 қыркүйектен бастап аудан көлемінде санитариялық тазалық айлығын бастау жоспарланып отыр. Бұл айлық барысында елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсарту, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру, қоқыс орындарын ретке келтіру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілетін болады, – деді бөлім басшысы.

IMG-20260916-WA0037_edit_520706266763188

Баяндамадан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамеджанов тазалық мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол барлық мекеме басшылары мен округ әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктерге әр мекеме белсенді түрде қатысып, басшылардың өздері бастап қызметкерлерін жұмылдыра отырып, үлгі көрсетуі қажеттігін атап өтті.

Жиын қорытындысында Азамат Ермекұлы тазалық пен көгалдандыру жұмыстары тек маусымдық емес, жыл бойы жүйелі түрде жүргізілуі тиіс екенін айтып, бұл бағытта жауапкершілікті күшейтуді жүктеді.

Ақсәуле Әлжанова, 

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале