«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметінше, «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай байланыс орталығы кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне арналған қызметін бастады.

Фото: funddamu
Жаңа жүйе арқылы кәсіпкерлер холдингтің еншілес ұйымдарының жұмысы және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау құралдары туралы толық ақпарат ала алады.
Бұдан былай қаржыландыру, субсидиялау, қарыздарға кепілдік беру, лизинг және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауапты «бір терезе» қағидаты арқылы алуға болады. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, қажетті деректерге қолжетімділікті арттырмақ.

Көмек қажет еткен азаматтар 1408 бірыңғай нөміріне хабарласа алады немесе damu.kz сайтындағы JivoChat арқылы онлайн кеңес ала алады.