18.09.2026, 11:15
Оқылды: 54

Маусымашар концерті өтті

«Атамекен» концерт залында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының МАУСЫМАШАР концерті өтті.

IMG_6667

Облыстық академиялық филармонияның 60 жылдық мерейтойына арналған маусымашар концертінің шымылдығы Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйімен түрілді. Концертте ұжымның жыл басынан бүгінгі күнде дейінгі атқарылған жұмыстары жайында Ақпарат және жарнамалық қамтамасыз ету бөлімі арнайы дайындаған бейнефильм көрсетілді.

IMG_6663

Мекеме басшысы Бауыржан Халиолла концертке жиналған көрерменге «қош келдіңіз!» айтып, 29-30 қыркүйекте Дәстүрлі ән айтудағы жаһандық көрсеткішті жаңартуға арналған ауқымды жоба өтетіндігін айтты. Бауыржан Ергенұлы жобаға Бас демеуші болғалы отырған Халық Банктің Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Жасұлан Жұмабековтің додаға қатысатын қос дәстүрлі әншілер Хатимолла Бердіғалиев пен Қайрат Кәкімовке автокөлік мінгізетінін баса айтып, жиылған жұртшылыққа сүйінші жаңалықты жеткізді.

IMG_6669

Бүгінгі кеште дәстүрлі, классикалық, эстрадалық әндер, танымал қазақ күйлері мен шетелдік әуендер секілді жанрлар қамтылды.

IMG_6675

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының әртістері мен ұжымдары өнер көрсеткен маусымашар концертте көрерменнің ықыласы ерекше болды.

IMG_6674

Концерттің соңында облыс әкімінің атынан филармония ұжымына ықылас гүлі ұсынылды.

IMG_6666

Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале