18.09.2026, 15:45
Оқылды: 24

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үстел теннисінің дамуына дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміз Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді - деп жазды akorda.kz.

kz1-6159-2_mediumThumb

Қазақстан Президенті ел жастарының үстел теннисіне қызығушылығы арта түскенін айтты. Қазір 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Мемлекет спорт резервін даярлау және жарыстар өткізу үшін арнайы инфрақұрылымды дамыту ісін қолға алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы Астанада үстел теннисінен өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін Петра Сёрлингке ризашылығын білдірді. Бұл Орталық Азияда аталған спорт түрі бойынша өтетін алғашқы біріншілік болмақ. Әңгімелесу барысында алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызына мән берілді. Бұл жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта да қанат жаюына айтарлықтай жол ашатын болады.

ITTF жетекшісі Петра Сёрлинг үстел теннисіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты, сондай-ақ федерацияның осы спортты одан әрі насихаттау жоспарымен бөлісті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанда үстел теннисін дамытуға қосқан үлесі үшін Петра Cёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале