18.09.2026, 18:05
Оқылды: 6

Сырым ауданындағы білім биігі: Сапа көрсеткіші 66,7 пайыз

Бүгін Сырым ауданында өткен «Өсу векторы» жобасы аясында облыстық семинарда аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбыловтың ауданның білім беру жүйесіндегі негізгі көрсеткіштерді таныстырғанын айттық: 

– Қазіргі таңда аудандық білім беру бөліміне қарасты 27 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 20 жалпы білім беретін мектеп бар. 2026–2027 оқу жылын аудан мектептері 3157 оқушымен бастады. Жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығы қамтамасыз етіліп, оқу-тәрбие процесін тұрақты ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасалды.

e2686581-8358-4e47-89a9-e747eeff7bc4

Білім сапасын арттыру – бөлім жұмысының негізгі басымдықтарының бірі. Мектептердегі білім сапасына тұрақты мониторинг жүргізіліп, білім көрсеткіші төмен пәндер мен сыныптар бойынша нақты жұмыстар ұйымдастырылуда. Нәтижесінде бүгінгі таңда аудан мектептеріндегі білім сапасы 66,7 пайызды құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,2 пайызға өсті.

4e39a4c5-cb8a-4614-8a60-980ab267f0cf

Сонымен қатар дарынды және қабілетті оқушыларды қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Оқушыларымыз олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, шығармашылық және спорттық байқауларға белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Бүгінде облыстық және республикалық олимпиадалардың 34 жүлдегері, ғылыми жобалардың 17 жүлдегері бар. Ал шығармашылық, спорт және өнер бағыттарында республикалық, халықаралық деңгейде 26 жетістікке қол жеткізілді.

f1fc713b-8969-4ed0-b971-dc7b953c7c3b

Өткен оқу жылының қорытындысы да аудан білім саласы үшін нәтижелі болды. Облыстық «Үздік білім беру бөлімі» бағалау рейтингінде Сырым ауданы «Білім жүйесінің синергиясы» номинациясын иеленіп, 1 миллион теңгелік сертификатқа ие болды. Бұл – білім беру ұйымдарындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Бүгінгі семинар да осындай тәжірибелерді ортаға салып, өзара бөлісуге мүмкіндік беріп отыр. Біздің басты ұстанымымыз – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау, әр педагогке кәсіби тұрғыда қолдау көрсету және әр білім беру ұйымының нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету, – деді Әкежан Жамбылов.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале