ҚР Жоғарғы Сотының мәліметінше, Қазақстанда сотталған адамдарды мерзімінен бұрын босату немесе жазасын жеңілдету ережелері қалай өзгереді деген сұрақ ведомствода өткен сарапшылардың басқосуында жан-жақты талқыланды.

Фото: Jogargy_sot
Жиынға судьялар, прокуратура, адвокатура мен түрме жүйесінің өкілдері қатысты.
Мамандар бұл өзгерістердің басты мақсаты әділдік орнату екенін атап өтті. Мәселен, енді сотталған азамат келтірген шығынын өтеу үшін шындап тырысып, жұмыс істеп жатса, судья оның осы әрекеттерін ескеретін болады. Бұрынғыдай қатаң, құрғақ талаптар азайып, әр адамның нақты мінез-құлқына көбірек мән берілмек.
Сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты жеңілдіктер мен жәбірленуші тараптың пікірін ескеру тәртібі де айқындала түсті.
Басты мақсат – жәбірленушілердің мүддесін қорғай отырып, түзелуге бет алған адамдарға әділ мүмкіндік беру.