18.09.2026, 22:00
Оқылды: 0

Жоғарғы Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңілдету практикасын жетілдіруді талқылады

ҚР Жоғарғы Сотының мәліметінше, Қазақстанда сотталған адамдарды мерзімінен бұрын босату немесе жазасын жеңілдету ережелері қалай өзгереді деген сұрақ ведомствода өткен сарапшылардың басқосуында жан-жақты талқыланды.

IMG_20260918_201734_270

Фото: Jogargy_sot

Жиынға судьялар, прокуратура, адвокатура мен түрме жүйесінің өкілдері қатысты.

​Мамандар бұл өзгерістердің басты мақсаты әділдік орнату екенін атап өтті. Мәселен, енді сотталған азамат келтірген шығынын өтеу үшін шындап тырысып, жұмыс істеп жатса, судья оның осы әрекеттерін ескеретін болады. Бұрынғыдай қатаң, құрғақ талаптар азайып, әр адамның нақты мінез-құлқына көбірек мән берілмек.

Сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты жеңілдіктер мен жәбірленуші тараптың пікірін ескеру тәртібі де айқындала түсті.

Басты мақсат – жәбірленушілердің мүддесін қорғай отырып, түзелуге бет алған адамдарға әділ мүмкіндік беру.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале