19.09.2026, 15:30
Оқылды: 8

Қазталовтықтар дүниежүзілік экологиялық акцияға үн қосты

19 қыркүйек — Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қазталов ауданында «World Cleanup Day» халықаралық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

InShot_20260919_113815527

Игі бастамаға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, ардагерлер, бөлімдер мен мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер және жастар қатысып, елді мекен аумағын тазалауға атсалысты.

InShot_20260919_113837911

Акция барысында қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығы ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Бұл қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған маңызды қадам.

image-19-09-26-10-46-1

Тазалық – бір күндік науқан емес, ортақ мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан туған жердің ажарын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау әр тұрғынның ортақ міндеті.

Жайна Қабиболла, 

Қазталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале