19.09.2026, 16:00
Оқылды: 78

Батысқазақстандық спортшылар шорт-тректен жүлделі орындарға ие болды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласындағы «Алау» мұзайдыны сарайында шорт-тректен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда.

InShot_20260919_144442276

Фото: DRSQazaqstan

Бұл күні спортшылар 500 және 1500 метр қашықтықтарда бақ сынасып, еліміздің ең мықты конькимен сырғанаушылары анықталды. Тартысты бәсекеде Батыс Қазақстан облысының спортшылары өте жақсы нәтиже көрсетіп, бірнеше медаль еншіледі.

InShot_20260919_144808634

​Атап айтқанда, ерлер арасында 500 метрге жарысқан Мақсат Уалиулла (БҚО) күміс жүлдегер атанды. Ал әйелдер арасындағы 500 метрлік спринтте Алина Ажғалиева (БҚО) екінші орын алса, оның жерлесі Гүлдана Жалмұхан (БҚО) үшінші сатыға көтерілді.

InShot_20260919_144513752

Сондай-ақ тәжірибелі спортшы Алина Ажғалиева 1500 метр қашықтықта да тағы бір жүлделі орынға ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале