Ақтөбе төрінде өтіп жатқан Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылының жас спортшысы Төлеухан Бейсенбі қазақ күресінен қола жүлдені қанжығасына байлады.

Жетпіс келі салмақ дәрежесінде белдескен жас балуан жарыс жолында шымырлығы мен әдіс-тәсілге шеберлігін танытып, үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістік — Төлеуханның жүйелі дайындығы мен қатар, оны бәсекеге дайындаған тәжірибелі бапкер Бағдат Сариевтің тынымсыз еңбегінің жемісі. Тәлімгер әр балуанның физикалық дайындығы мен төзімділігін шыңдауға айрықша мән беріп, ауылдағы жасөспірімдердің ұлттық спортқа қызығушылығын арттыруға сүбелі үлес қосып келеді.

Ақшат ауылынан шыққан жас балуанның бұл жеңісі өңірдегі ауыл спортының әлеуетін танытып, қатарластарына үлкен жігер берері сөзсіз.
Сара Әділ,
Шыңғырлау ауданы