ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстандағы маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі ретінде қымбат тұратын шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі жұмыс істейді.

Фото: DenMinPR
Мемлекет есебінен ауыр жағдайдағы пациенттер шалғай өңірлерден мамандандырылған клиникаларға жеткізіліп, жол бойында қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Жүйенің жұмысын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы реттейді.
Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда шетелде зардап шеккен немесе ауыр халде жатқан азаматтарды елге жеткізу де ұйымдастырылады. Мәселен, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Қырғызстан, Мысыр, Албания, Италия, Қытай, Таиланд, Ресей және Өзбекстан сияқты елдерден арнайы халықаралық рейстер орындалып, азаматтар Отан клиникаларына эвакуацияланды.