23.09.2026, 11:15
Оқылды: 17

Әулиекөл тұқымды мал өсіріп отырған қожалықтың жұмысы жоғары бағаланды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2026-09-23 at 12.13.19

Сапар барысында облыс әкімі Щапов ауылдық округінде орналасқан «Кажгалиева С.К.» шаруа қожалығына арнайы ат басын бұрды. 2022 жылы құрылған бұл қожалық бүгінде өңірдегі ілгері дамып келе жатқан шаруашылықтардың бірі ретінде танылып отыр.

Шаруа қожалығы ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға басымдық берген. Мұнда арнайы әкелінген Әулиекөл тұқымды сиырлар жерсіндіріліп, жүйелі түрде өсірілуде. Қазіргі таңда қожалықта 100 бас аналық сиыр бар. Шаруашылық төлдерін өсіріп, нарыққа шығару арқылы табыс табуда.

WhatsApp Image 2026-09-23 at 12.13.19 (1)

Сонымен қатар, қожалық ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға да үлес қосып отыр. Бүгінде мұнда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

WhatsApp Image 2026-09-23 at 12.13.19 (2)

Облыс әкімі шаруашылықтың жұмысымен танысып, оның дамуына оң баға берді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, өңір экономикасының дамуына серпін беретіні сөзсіз.

 

Бекзат Канәділ,

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2026-09-23 at 12.13.19 (3) WhatsApp Image 2026-09-23 at 12.13.20 WhatsApp Image 2026-09-23 at 12.13.20 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале