10.04.2017, 17:25
Оқылды: 38

Быковка-Чеботарев гидробекетінде судың деңгейі 802 сантиметрге дейін көтерілді

Su dengeyi koterildi «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне қарағанда, бүгін Быковка-Чеботарев гидробекетінде судың деңгейі 802 сантиметрге дейін көтерілген.

  Осыған байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялап, қазіргі кезде тиісті шаралар қолға алынуда.


  Департаменттің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Азамат Нұрпейісовтің айтуынша, Зеленов ауданы Хамино ауылы маңындағы су деңгейі кеше 808 сантиметрге дейін жетсе, бүгін қайту үстінде. Жағдайды жергілікті билік органдары мен ТЖ мамандары қадағалауда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын 7 сәуір күні сағат 23.00-де Деркөл-Тасқала гидробекетінде су деңгейі 519 сантиметрге, яғни қауіпті шегіне жеткені жөнінде хабарланып, ескерту жарияланған болатын.

     Деркөл өзеніне құятын арнамен жөңкілген су жайылып, Тасқала ауылындағы 25 үйге қауіп төндірді. Сол бойда құм толтырылған 1200 қап төселіп, бөгет жасалды. Бұл жұмыстарға жергілікті жерден 12 техника, 39 адам, аудандық ТЖ бөлімінен 1 техника мен қос маман жұмылдырылды. Дегенмен 8 сәуір күні бір үйге су кіргені анықталды. Иелері су келген мезгілде үйлерінде болмаған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале