Археологиялық және тарихи ескерткіштер – өткен дәуір туралы жазба деректерді толықтыратын құнды ақпарат көзі.

Фото: Мәди Салық
Әсіресе Жайық өңіріндегі ортағасырлық қалалар, қорғандар мен басқа да тарихи нысандар Ұлы Даладағы саяси және мәдени үдерістердің ауқымын айқындауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Дарын Сагидуллаев өз баяндамасында айтып, Батыс Қазақстан облысындағы Алтын Орда ескерткіштерінің Жошы ұлысының тарихи географиясын зерттеудегі маңызына тоқталды.

«Ұлы Дала Батырлары» қоғамдық тарихи-қайырымдылық қоры басшысы Махамбет Сұлтанғалиев «Ұлы дала батырлары рухын дәріптеу, ұлықтау» тақырыбында сөз сөйледі. Тарихи тұлғаларды ұлықтау – өткенді дәріптеу ғана емес, жас ұрпақтың бойына елдік сана мен отансүйгіштік қасиеттерді сіңірудің де маңызды жолы. Ұлы Дала кеңістігінде ел мен жердің тұтастығы үшін күрескен тарихи тұлғалардың өмірі бүгінгі ұрпақ үшін тағылым мектебі болып қала береді. Алдағы уақытта еліміздің әр қаласынан рух көтеретін батырлар ескерткішін орнату негізгі бағыттардың бірі.
Гүлжамал Жолдығали,
zhaikpress.kz